Veniamin Bespalov

Soviet geologist
The basics

Quick Facts

IntroSoviet geologist
PlacesRussia
wasGeologist
Work fieldScience
Gender
Male
Birth26 March 1906, Syzran, Syzran Urban Okrug, Samara Oblast, Russia
Death8 October 1983Almaty, Kazakhstan (aged 77 years)
Star signAries
Education
Satbayev University
Awards
Order of the Red Banner of Labour 
The details

Biography

Беспалов Вениамин Федорович (26.3.1906, Ресей, Сызрань қаласы — 8.10.1983, Алматы) — ғалым, геология-минералдар ғылымының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1976).

Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948).

  • 1931 — 41 ж. Орталық және Оңтүстік Қазақстанда геологиялық картаға түсіру партиясының бастығы болды.
  • 1941 — 43 ж. Ұлы Отан соғысына қатысты,
  • 1943 — 55 ж. Қазақстан геология басқармаларының барлау, геологиялық картаға түсіру партияларында жұмыс істеді.
  • 1955 — 68 ж. ҚазМУ-дің, Қазақ политехникалық институтының доценті,
  • 1968 — 83 ж. Геология ғылымдар институтының тектоника секторының меңгерушісі болған.

Ғылыми еңбектері аймақтың геология мен тектоника мәселелеріне арналған. Беспаланов Орталық Қазақстандағы прекембрий мен төменгі палеозой құрылымдарының ара жігін көрсетті, бірінші вольфрамит кен орнын ашты. Қазақстанның көптеген аймақтарының геология карталарының авторы және редакторы.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдермен марапатталған.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 22 Aug 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.