Tarikh Omarov

Kazakhstani physician
The basics

Quick Facts

IntroKazakhstani physician
PlacesKazakhstan
wasScientist Doctor Physician
Work fieldHealthcare Science
Gender
Male
Birth11 June 1939, Narynkol, Raiymbek District, Almaty Region, Kazakhstan
Death2019 (aged 79 years)
Star signGemini
Education
Kazakh National Medical UniversityAlmaty, Kazakhstan
The details

Biography

Тарих Омаров(1939 жылдың 11 маусымы, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы — 2019 жыл) – медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1991).

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.

Оқу жолы

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1963, Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.

Жұмыс жолы

Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданы ауруханасында бөлімше меңгерушісі (1963–1965), Қазақ туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтында стажер-ізденуші (1966), Мәскеу қаласындағы КСРО Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтында клиникалық ординатор (1966–1968), аспирант (1968–1971), Алматы қаласындағы Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1980–1992), диспансерлік бөлімнің меңгерушісі (1992 жылдан), осы институттың Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы бөлімшесінде бөлім меңгерушісі (1973–1980) қызметтерін атқарды.

Тарих Омаров 2019 жылы дүниеден озды.

Ғылыми еңбектері

200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Дереккөздер

  1. Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
  2. "Қазақ энциклопедиясы"
The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 07 Apr 2024. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.