Stepan Dmitrievitsj Batisjtsjev-Tarasov
Russian scientist
Степан Дмитриевич Батищев–Тараслов (1.8.1911, Ресей, қазіргі Самара облысы Ставрополь ауданы Верхняя Белоозерка селосы – 26.3.1961, қазіргі Екатеринбург қаласы) – Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Ленинград (1935, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. РКФСР геология трестің геологы, партия бастығы, жетекші-зерттеуші (1935–1942), Қазақстандағы Атасу геология-барлау экспедициясының бастығы, бас инженері, «Оралқараметаллбарлау» тресінің геология бөлімінің бастығы, Орал геология басқармасында бөлім меңгерушісі (1942–1961) қызметтерін атқарды. КСРО Мемлекеттік (1951) және Лениндік (1957) сыйлықтардың лауреаты.