Sjabanoe Akilkizi Bayzakova

Soviet actor (1907-1937)
The basics

Quick Facts

IntroSoviet actor (1907-1937)
PlacesRussia
wasActor
Work fieldFilm, TV, Stage & Radio
Gender
Female
Birth15 April 1907, Ertis District, Kazakhstan
Death28 April 1937Semey, Kazakhstan (aged 30 years)
Star signAries
The details

Biography

Байзақова Шәрбану Ақылқызы (15.4.1907, қазіргі Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылағаш ауылы — 28.4.1937, Семей қаласы) — қазақ әйелдерінің арасынан шыққан алғашқы актриса. 1927 жылы Қызылорда қаласында қазақ драма театрына қабылданып, онда 1935 жылға дейін қызмет еткен. Сахнадағы алғашқы ойнаған рөлдері—Раушан, Айсұлу (Ж. Аймауытовтың “Шернияз” бен “Сылаң қызында”), одан кейінгі жылдары — Зәуре (Қ.Байсейітов пен Ж. Шаниннің “Зәуресінде”), Қайша (М. Әуезовтің “Бәйбіше-тоқалында”) бейнелерін сахнаға шығарды. Байзақова Шәрбану Ақылқызы сомдаған Перизат (Ж. Тілепбергеновтің “Перизат — Рамазанында”) пен Зәуре (Б. Майлиннің “Майданында”) бейнелерінің театр тарихында ерекше орны бар. Бұлар — көркемдік болмысы, әлеуметтік сыр-сипаты мейлінше айқын ашылған қазақ қыздарының сахналық тұлғалары. Перизат — актрисаның сомдауында махаббатына берік, ол үшін еш қиындықтан тайынбайтын, ашық, ақжарқын, көркі мен биязы мінезі көркемдік тұтастық тапқан бейне. Ал, Зәуренің Байзақова Шәрбану Ақылқызы жасаған бейнесі — қазақ әйелінің қоғамдық саяси-әлеуметтік істеріне араласу үдерісін көрсеткен көзі ашық, көкірегі ояу, ауыл басшысы әрі отбасына адал әйел-ананың сахналық образы.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 26 Mar 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.