Sholpan Ayupova

científica kazaquistanina
The basics

Quick Facts

Introcientífica kazaquistanina
PlacesKazakhstan
isScientist
Work fieldScience
Gender
Female
Birth1951, East Kazakhstan Region
Age74 years
The details

Biography

Аюпова Шолпан Әбілқадырқызы (17.10.1951 жылы туған, Семей қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының кандидат (2001 жылы).

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (2001 жылы). Қарағанды медициналық институттын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген (1975 жылы). 1975 – 1982 жылдары Республикалық клиникада ауруханада, 1982 –19 91 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Орталық клиникасында ауруханасында гастроэнтеролог, 1991 жылдан бас дәрігердің емхана орынбасары болып жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру.

Аюпова медициналық жәрдемнің сапасын арттыру, емдік-диагностикалық процесті өрістету, жаңа технологияларды әзірлеп, оларды өндіріске енгізу және медициналық қорды үнемдеу саясатын тиімді жүзеге асыру мәселелерімен шұғылданады. Аюповаға “Нарық жағдайында пайдасы зор жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу негізінде медициналық жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі” еңбектер топтамасының авторының бірі ретінде Қазақстан Мемлекетік сыйлығы берілді (2005 жылы).

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Jul 2019. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.