Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев (16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері.
- 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған.
- Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты.
- 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды.
- 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты.
- 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.
- 1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды.
- 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды,
- 1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын,
- 1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді.
- 1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы.
- 1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі.
- 1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
- Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты;
- КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26);
- КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды.
- 1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды.
- 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеуметтік салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді.
Есте сақтау
- Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі
- Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады.
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8