Şehzade Bayezid (son of Ahmed I)

Prince of the Ottoman Empire
The basics

Quick Facts

IntroPrince of the Ottoman Empire
PlacesOman
wasPrince
Work fieldRoyals
Gender
Male
Birth1612, Istanbul, Istanbul Province, Turkey
Death27 July 1635Istanbul, Istanbul Province, Turkey (aged 23 years)
Family
Mother:Mahfiruze Hatice Sultan
Father:Ahmed I
The details

Biography

Баязит шаһзада (түр. Şehzade Bayezid; желтоқсан 1612 — 27 шілде 1635) — I Ахмет пен оның сүйікті күңі Махфируз Қадиша сұлтанның кенжесі, II Османның інісі.

Өмірбаяны

Баязит шаһзада 1612 жылы желтоқсанда дүниеге келген. Оның ата-анасы I Ахмет пен оның сүйікті күңі Махфируз Қадиша сұлтан, сондай-ақ оның екі туған ағасы және бір қарындасы болған. 1617 жылы I Ахмет қайтыс болғаннан кейін таққа оның ағасы II Осман отыру керек еді, ал шаһзада мен оның аға-інілерін, Фатиха заңы бойынша, өлім жазасы күтіп тұрды. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын I Ахмет ұлдары туса да I Мұстафаға өмірін сақтап қалды. Тарихшылар Мұстафаның психикалық аурулары үшін таққа кауіп төндіруге қабілетсіз болғандықтан I Ахмет өлтірмеді деп санайды. Тағы бір себеп: Көсем сұлтан өзінің балаларынның болашағына қауіптенгендіктен Ахметті көндірді, себебі болашақ сұлтан Османның анасы басқа әйел еді, ал бұл Көсемнің балаларына үлкен қауіп туғызды. Нәтижесінде, әкесінің өлімінен кейін таққа оның есалаң көкесі I Мұстафа отырды.

Баласыз I Мұстафаның сұлтанаты қысқа болды: 1618 жылы төңкеріс нәтижесінде II Осман таққа шықты. Көсем сұлтанның әсері осы жолы да балаларының өмірін сақтап қалуға көмектесті. Төрт жылдан соң, кезекті төңкеріс орын алды: Осман құлатылып, өлтірілді. Алайда, таққа Баязит емес, Мұстафа шықты. 1623 жылы Мустафаны екінші рет тақтан түсірді. Баязит бұл күндері інісі Сүлейменмен Ыстамбұлда болмаған еді. Мұндай мән-жайларда Көсем таққа өзінің он бір жастағы ұлы IV Мұратты отырғызды.

1635 жылы IV Мұрат Сүлеймен мен Баязитті өлім жазасына кесті. Екі ағайынды Сұлтанахмет мешітінің жаңындағы I Ахмет мазарында әкесінің жаңында жерленді.  

Өнерде

  • «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., Баязит шаһзада рөлінде — Жігіт Ұшан)

Дереккөздер

The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.