Biography
Lists
Also Viewed
The basics
Quick Facts
Places | Russia | |
Gender |
| |
Birth | 1900 |
The details
Biography
Әлімбекова Сара - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), "Жаңаталап" колхозының звеношысы (1943). 1900 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі
- 1930 жылы "Жаңаталап" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек жолын бастайды.
- 1943 жылы қант қызылшасы бойынша звеношы болып тағайындалады.
- 1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
- 1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады.
- 1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды.
Наградалары
- "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945)
- "За трудовую доблесть" медалі (1946)
- Ленин ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
- ↑ Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр.