Nikolay Danilovich Markelov

Hero of the Soviet Union
The basics

Quick Facts

IntroHero of the Soviet Union
PlacesRussia
wasMilitary officer Aviator Pilot Aircraft pilot
Work fieldMilitary
Gender
Male
Birth20 June 1920, Barnaul, Russia
Death16 November 1945Rivne Oblast, Ukraine (aged 25 years)
Star signGemini
Politics:Communist Party Of The Soviet Union
The details

Biography

Николай Данилович Маркелов(20.6.1920, Ресей, Барнаул қаласы - 16.11.1945, Украина, Ровно облысы,Червоноармейск қаласы) — 2-дуниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, аға лейтенант,орыс. 1929 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. 1938 жылы Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Сонымен қатар аэроклубта дәріс алған. 1941 жылдың маусымында геологиялық барлау факультетінің 3-курсында оқып жүргенде майданға аттанды. 1942 жылы Орынбор әскери-әуе училищесін бітіріп, сол жылдан 3-Прибалтика майданына қарасты 14-әуе армияның 7-штурмдық авиация корпусы 206-штурмдық авиация дивизиясы 806-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Звено командирі Маркелов өзінің «Ил-2» ұшағымен 105 жауынгерлік ұшу сапарына шығып, жаудың 4 ұшағын, 600-ге жуық әскері мен офицерін, 25 танкісін, 20 батареясын, 8 жанармай және оқ-дәрі қоймасын жойған. 1944 жылдың күзінде Мариуполь қаласы маңындағы (Украина) әуе ұрысында басынан жараланған Маркелов ұшағын жаудың ipi жанармай қоймасына бағыттап, мина жарып жіберген. Маркеловке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.2.1945). Барнаул қаласындағы Даңқ мемориалына есімі жазылған. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Mar 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.