Marat Kenzheguzin

Economists from Kazakhstan
The basics

Quick Facts

IntroEconomists from Kazakhstan
wasEconomist
Work fieldFinance
Gender
Male
Birth30 May 1939
Death24 June 2006 (aged 67 years)
Star signGemini
The details

Biography

Кенжеғозин Марат Балғожа ұлы (30 мамыр 1939 ж. - 24 маусым 2006 ж.) - қазақтың экономист ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Евразияның Халықаралық экономикалық академиясының академигі.

Өмірбаяны

Кенжеғозин М.Б. 1939 жылдың 30 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында Балғожа мен Жамила Кенжеғозиндердің отбасында дүниеге келген.

Білім алу жолы

1947-1957 жж. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка орта мектебінде оқып «Алтын белгімен» бітірді.

1957-1962 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында оқып, экономист біліктілігін алып үздік бітірді.

1962-1965 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының «Экономикалық кибернетика» кафедрасында аспирантурада оқыды.

1967 жылдың 19 қаңтарындаГ.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыруды оңтайландырудың экономика-математикалық міндеттері (Солтүстік Қазақстан мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғады.

1970 ж. «Экономикалық зерттеулердегі математикалық әдістер» мамандығы бойынша КСРО-ның ЖАКмен аға ғылыми қызметкер ғылыми дәрежесі бекітілген.

1982 г. РКФСРНечерноземиялық зонаныңЛенинградтық экономика және ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институттында экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған «Ауылшаруашылық өндірісін орналастыру және дамытуды кешенді негіздеу жүйесі (қызмет етуінің және құрылысының әдістемесі) тақырыбындағы «Экономикалық зерттеулерде, жоспарлауда және халық шаруашылығы мен оның салаларын басқарудаесептеуіш техникасын қолдану және математикалық әдістер» мамандығы бойынша диссертациясын қорғады.

1989 ж. Халықтық білім бойынша КСРО-ның мемлекеттік комитетімен «Шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі» кафедрасы бойынша профессор ғылыми дәрежесі берілді.

1998 г. Евразияның халықаралық экономикалық академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.

2000 г. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.

Қызмет ету жолы

1957-1962 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің студенті.

1962-1965 жж. - Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының Еңбек Қызыл-ту белгісінің аспиранты.

1965-1968 жж. - Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарушы, аға инженер-экономист.

1968-1979 жж. - Экономика және ауылшарушылығын ұйымдастыру Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Экономикалық кибернетика бөлімінің меңгерушісі.

1979-1985 жж. - КСРО-ның ОСБ есептеу жұмыстарын және есептеуді механизациялау бойынша Жалпыкеңестік Мемлекеттік жобалық-технологиялық институтының Қазақ филиалының директоры.

1985-1988 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің оқу ісі бойынша проректоры.

1988-1994 жж. АӨК басқарудың Республикалық жоғары мектебінің ректоры.

1994-1995 жж. Қазақ мемлекеттікбасқару академиясының ғылым бойынша проректоры.

1995 ж. - 2005 ж. дейін–Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Экономика институтының директоры. Салалық құрылымды орналастыру және оңтайландыруға, келешекті өндірістердің дамуының негізгі параметрлерін үлгілеуге алғашқы рет республикада экономикалық математикалық әдістерді және ЭЕМ қолданды. 1995 ж. ҚРБҒМ Экономика институтының директоры болып тағайындалды және өмірінің соңына дейін қызмет етті. Экономикалық ғылымның дамуына, ҚР БҒМ Экономика институтының күшейуіне және дамуына, Институттың ғылыми зерттеулері деңгейінің жоғарылауы мен олардың нақты экономика мен мемлекеттік басқару органдарындағы сұранысының артуына үлкен үлес қосты. Экономика институты зерттеулерінің нәтижелері 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету бойынша ҚРҮкіметінің қызмет ету бағдарламасын жасау кезінде қолданылды. Кенжеғозиннің жетекшілігімен және оның жеке қатысуымен дайындалған Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты және аймақтық саясат тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тауып бекітілді. М.Б. Кенжеғозин ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Экономикалық Кеңестің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңестің мүшесі болатұра елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді араласты. Үлкен танымалдылықты Марат Кенжеғозинге макроэкономикалық реттеу мәселелері, еңбек және жұмысбастылық, ұлттық өндірістік күштердің жаңғыртылған жүйесін қалыптастыру, аймақтық саясат, нарықтық экономика институттарының дамуы, қаржы нарығы, сыртқы экономикалық қызмет, қаржы дағдарысының салдарынан өту, ақша-кредиттік саясаттың қызмет етуін жоғарылату, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, тұрақты даму және басқада мәселелер бойынша ғылыми еңбектері әкелді.

Педагогикалық қызмет

М.Б. Кенжеғузиндиссертациялық кеңестердің мүшесі және төрағасы болды, ҚР БжҒМҒжБСБК (КНАСОН МОН РК) Президиум мүшесі, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының экономикалық кафедраларында МАК жұмыстарына төраға ретінде қатысты. Оның жетекшілігімен 17 докторлық және 45 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қоғамдық-саяси және ғылыми қызмет

1969-1978 жж.Жалпы кеңестік ғылыми кеңестің мүшесі «Халық шаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» (Мәскеу).

1976-1979 жж. Қазақтың Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ партия ұйымының хатшысы.

1976-1981 жж.Қазақстан Компартиясының Калинин аудандық комитетінің оқу орындарының және штаттық емес ғылыми бөлімінің меңгерушісі.

1981-1989 жж.Қазақстан Компартиясының Алатауаудандық комитеті жанындағы жоғары және арнайы орта білім беру, ғылыми мекемесінің аудандық кеңесінің төрағасы.

1983-1986 жж.Қазақ КСР Ғылым академиясының «Қазақ КСР әлеуметтік-экономикалық дамуы» Ғылыми координаттық кеңесінің «Халық щаруашылығын басқару және оңтайлы жоспарлау» секциясының мүшесі.

1985-1992 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының президиумы жанындағы ӨКЗК ғылыми кеңесінің мүшесі.

1987-1992 жж.08.00.13 «Экономикалық математикалық әдістер»,08.00.12 «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандықтары бойынша Алматы халық шаруашылығы институты жанындағы экономика ғылымдарының кондидаты ғылыми дәрежесін беру бойынша мамандандырылған кеңестің мүшесі.

1988-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитетінің мүшесі.

1988-1993 жж.Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі жанындағы басқарушы кадрлардың біліктілігін жоғарылатумен халық шаруашылығы мамандарын дайындау бойынша Жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы.

1989-1990 жж.Савой университетінде дәрістер оқу (Анси қаласы, Франция).

1989-1990 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесі президиумының мүшесі.

1989-1992 жж.Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсібінің Ғылыми-техникалық кеңесінің жоспарлау, АӨК әлеуметтік және экономикалық дамуы секциясының сарапшысы.

1989-1992 жж.Савой университетімен (Анси қаласы, Франция) бірлескен Франциядағы Қазақстанның АӨК басқарушы кадрларды оқыту бағдарламасының жетекшісі.

1989-1994 жж. ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар және оларды Қазақстанда жүзеге асыру тұжырымдамасын жасау бойынша жұмысшы тобының және коммиссиясының мүшесі.

1990-2005 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты жанындағы 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару», 08.00.01 «Саяси экономия» мамандықтары бойынша, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанында 08.00.10 «Қаржы, ақша айналымдары және несие», 08.00.30 «Кәсіпкерлік экономикасы» мамандықтары бойынша докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша кеңестің мүшесі.

1995-1997 жж.«Қазақстанның халық шаруашылығы» жұрналының редакциялық коллегияның мүшесі.

1995-1998 жж.«Азия-экономика және өмір» халықаралық апталығының редакциялық коллегияның мүшесі.

1995 ж. ТМД мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларға арналған Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық конференциясы секциясының жетекшісі (Санкт-Петербурк қаласы, 17-18 қазан).

1996 ж.– Малайзиядағы нарықтық өзгерістердің тәжірибесін зерттеу бойынша Халықаралық семинарда Қазақстандық делегацияның қатысушысы (Куала-Лумпур қаласы, тамыз).

1996-1999 жж.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің мүшесі.

1996-2006 жж.ҚР Ғылым академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің мүшесі.

1996-2006 жж.ҚР БҒМ Экономика институты жанындағы докторлық және кондидаттық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.

1998 ж.– ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басышылығымен барған Румыния (20-22 қыркүйек) және Италия Республикаларындағы (22-24 қыркүйек) Үкіметтік делегацияның мүшесі.

1999-2000 жж.–ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық кеңестің мүшесі.

2000 г.–Япония Үкіметінің шақыруымен "OpinionLeader" бағдарламасы шеңберінде Токио және Киотоның институттарында және экономикалық орталықтарында әртүрлі экономикалық мәселелер бойынша дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысты.

2000 ж. ҚХР үкіметінің шақыруы бойынша Пекинде заманауи экономиканың мәселелері бойынша Халықаралық конференцияларға қатысты (мамыр).

2000-2002 жж. – ҚР ЖАК экономикалық ғылымдар бойынша сараптау кеңесінің төрағасы.

2002-2005 жж. – ҚР ЖАК Президиумының мүшесі.

2002-2006 жж. – Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы ғылыми-эксперттік кеіңестің мүшесі.

2003-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйақылары бойынша комиссиясының Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар секциясының мүшесі.

2004-2006 жж. – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы бойынша кеңесінің мүшесі.

2004-2006 жж. – ҚР Парламентінің Сенаты жанындағы Ғылыми-экспеттік кеңестің мүшесі.

2004-2006 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасының Координациялық кеңесінің мүшесі.

1999-2006 жж. – «Экономика және статистика», «Транзитная экономика», «Аналитик», «Труд в Каазахстане», «Реформа» (Қырғазстан) жұрналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі және «Қазақ энциклопедиясы» жұрналының бас редакциясының мүшесі.

2004-2006 жж. – Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының кітаптар сериясының редакциялық коллегиясының мүшесі, 10 томдық «Экономика. Әлемдік классика» басылымының бас редакторы.

Негізгі туындылары

400-ге жуық жұмыс жарияланған, оның ішінде 25 монография:

  1. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Под ред. М.Б. Кенжегузина. - Алматы, - 1997. – 15 п.л.
  2. Факторно-целевое регулирование экономики (концептуальные подходы) / М.Б.Кенжегузин, В.Ю.Додонов, С.А.Шевелев. - Алматы: Институт экономики, 1999. - 111 с.
  3. Экономика Казахстана на пути преобразований.- Алматы: ИЭ МОН РК, 2001.- 484 с.
  4. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. В двух томах. /Под ред. Кенжегузина М.Б. – Алматы, 2001. – 30 п.л.
  5. Проблемы устойчивого экономического развития в условиях глобализации. В двух томах / Ответ. ред. М.Б. Кенжегузин- Алматы, ИЭ МОН РК, 2003. - 35 п.л.
  6. Экономика Казахстана в условиях глобализации: механизм модернизации и функционирования. /Под ред. М.Б. Кенжегузина. – Алматы, ИЭ МОН РК. – 2005. -13,7 п.л.
  7. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 1: Экономика ғылымының бастаулары / Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. Д. Қ. Қабдиев, О. Ж. Әлиев. - Алматы: Таймас, 2006.- 20,9 т.б.
  8. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 2: Меркантилистік, физиократтық және классикалық ағымдар/ Бас. ред. М. Б. Кенжеғозин. / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, О. Ж. Әлиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 27,3 т.б.
  9. Экономика. Әлемдік классика. Т. 3: Мәржинализм және кәсіпкерлік негіздері / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин.- Алматы: Таймас, 2005. - 28,5 т.б.
  10. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 4: Неоклассика / Құраст. М. Б. Кенжеғозин, Б. Болсанбек. - Алматы: Таймас, 2006.- 31,4 т.б.
  11. Экономика. Әлемдік классика. Т. 5: Экономикалық өсу және бәсеке теориясы / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 33,0 т.б.
  12. Экономика. Әлемдік классика. Т. 6: Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика / Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 30,0 т. б.
  13. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 7: Институционализм / Құраст. С. А. Аханов, Қ. Ә. Тазабеков. - Алматы: Таймас, 2006.- 32,0 т.б.
  14. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 8: Өтпелі экономика теориялары /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005.- 34,9 т.б.
  15. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 9: Мемлекеттік сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы / Бас ред. М. Б. Кенжеғозин /Құраст. К. Ә. Сағадиев.- Алматы: Таймас, 2006.- 29,4 б.
  16. Экономика. Әлемдік классика: 10 томдық. Т. 10: Қазақстанда экономикалық ойдың дамуы /Жетекшісі М. Б. Кенжеғозин. - Алматы: Таймас, 2005. - 32,0 т.б.

Марапаттаулар

2002 ж. - "Қазақстан ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған.

2004 ж. - Экономикалық реформалардың теориясы мен тәжірибесінің дамуына қосқан үлесі үшін Кембриждік халықаралық биографиялық орталықтың орденімен және дипломы мен марапатталған.

2005 ж. - "Құрмет" орденімен марапатталған.

2006 ж. - "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.

2007г.-Шоқан Уалиханов атындағы сыйақының лауреаты.

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D1%80%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96
  2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1666 Жарлығы


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Mar 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.