Махмуд Пайзахметұлы Ирисметов (1936 жылы туған, Шымкент қаласы) – ғалым, химия ғылымының докторы, профессор(ы) Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1961). 1961 – 63 жылдары Шымкент химия зауотында шебер, топ жетекшісі, диспетчер, 1963 – 65 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы, 1965 жылдан ҚР ҒА Химия ғылымдары институтында аспирант, кіші жетекші, бас ғылыми қызметкер, табиғи байланыс химиясы зертханасының «Химфарм» АҚ жанындағы бөлімінің жетекшісі. 6 ғылым кандидатын тәрбиелеген. 180-нен астам еңбегі жарық көрген. Қ.Сәтбаев атындағы және «Еңбек ардагері» медальдары бар.
Сілтемелер
- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы