Любовь Августовна Ни (1952 жылы 26 қазанда Түркістан облысы Жетісайда туған) — Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының директоры (1997 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). ҚР Мәдениет қайраткері (2002). "Самұрық" Қазақстан Ұлттар театры қауымдастығының президенті.
Толығырақ
- Любовь Августовна 1952 жылы 26 қазанда Түркістан облысы Жетісайда дүниеге келген.
- Ұлты - Корей.
- Әкесі - Ни Август Петрович, марқұм. Анасы - Ни Ольга Николаевна, марқұм.
- 1975 жылы Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филология факультетін филолог-педагог мамандығы бойынша бітірген.
- 1988 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіның педагогика және психология факультетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген.
- Орыс, Корей тілі (түрмыстық) және қазақ (бастауыш деңгей) тілдерін біледі.
- «Коре Ильбо», «Казахстанская правда» газеттеріндегі 12 мақаланың авторы.
Еңбек жолы
- 1976 - 1985 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданындағы балабақшаның әдістемешісі.
- 1985 - 1991 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданының Жамбыл атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.
- 1991 - 1995 жылдары «Тан-Балқаш» акционерлік компаниясының әкімгер-инженері (Алматы).
- 1995 - 1997 жылдары «Бірлік» АТАҚ президентінің көмекшісі (Алматы).
- 1997 - 1999 жылдары Мемлекеттік республикалық музыкалық комедия корей театры директорының орынбасары.
- 1999 жылдан Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының директоры.
Қосымша лауазымдары
- "Қазақстан халқы ассамблеясының әлеуметтік консорциумы" АҚ бас директоры.
- Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.
- Қазақстан кәрістері қауымдастығы Президиумының мүшесі.
- «Қазақстан ұлттар театры»ның Бас директоры.
- 2015 - 2016 жылдары Қазақстан халқы ассамблеясы бас төрағасының бірінші орынбасары.
- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры.
Марапаттары
- 2002 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
- 2002 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы.
- 2005 жылы елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталды.
- 2005 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі.
- 2009 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
- 2011 жылы президенттің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл медалі"
- 2016 жылы Президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі "Достық ордені" мен марапатталды.
Жеке қасиеттері
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер және Н.Ә.Назарбаев
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Білім беру және мәдениет салалары жоғары деңгейде дамыған егемен тәуелсіз мемлекет».
- Хоббиі - музыка, өлеңдер, эзотерика.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, И.С. Куприн, Дж. Лондон, С. Есенин, Анна Ахматова.
Жеке өмірі
- Тұрмыс құрған. Жұбайы - Шин Г.Х., зейнеткер.
- Ұлы - Шин Сергей;
- қыздары - Шин Виктория және Шин Евгения.
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2