Konstantin Malin

The basics

Quick Facts

PlacesRussia
Gender
Male
Birth14 August 1923, Malakhovka, Moscow Oblast
Death4 October 2003Oral (aged 80 years)
The details

Biography

Константин Яковлевич Малин(14.8.1923, Ресей, Саратов облысы,Озинки ауданы,Малаховка селосы - 4.10.2003, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, гвардия кіші лейтенанты,еврей. 1930 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Орал қаласындағы аэроклубты (1941), Орынбор Әскери-әуе училищесін бітірген (1944). 1944 жылдың маусымынан аға ұшқыш 1-Беларусь майданы 16-әуе армиясы 175-гвардиялық штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кіші лейтенант Малин өзінің жауынгерлік жолын 1944 жылы 24 маусымда Бобруйск операциясы кезінде бастады. Малин Жауынгерлік тапсырмамен 106 рет ұшып шығып, 9 танкіні, 110 автокөлік, 58 зеңбірек, 9 миномет, 62 жүк тиелген арба, 14 атыс нүктесі,4 темір жол вагоны, 2 қару-жарақ қоймасын және 700-ге жуық әскер мен офицерді жойған. Малинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5.1945). 1947 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», т.б. медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 04 Oct 2019. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.