Ibadulla Akbergenov

Russian mathematician
The basics

Quick Facts

IntroRussian mathematician
A.K.A.Ибадулла Акбергенов
A.K.A.Ибадулла Акбергенов
PlacesRussia
wasMathematician
Work fieldMathematics
Gender
Male
Birth1 January 1907, Sozak District, South Kazakhstan Region, Kazakhstan
Death1 January 1938 (aged 31 years)
The details

Biography

Ибадулла Ақбергенов (1907, Созақ ауданында туған – 1938/39 жылы қайтыс болды ) – Қазақстаннан шыққан тұңғыш физика-математика ғылым кандидаты (1935), доцент (1936). 1931 ж. Ташкент Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1932 ж. сол университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж. Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына ауыстырылады. 1934 ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1935 – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді. 1936 ж. ҚазМУ-дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет атқарған. 1936 – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол жылдары жарияланды. Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Кеңестік билік кезеңінде ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Сілтемелер


The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.