Biography
Also Viewed
Quick Facts
Intro | Actor | |
Places | Kazakhstan | |
is | Actor | |
Work field | Film, TV, Stage & Radio | |
Gender |
| |
Birth | 16 October 1962, Almaty, Kazakhstan | |
Age | 62 years | |
Star sign | Libra |
Biography
Григорий Михайлович Ефимов 1962 жылы 16 қазанда Алматы қаласында туған. Орыс.
Свердловск мемлекеттік театр институтын бітірген (1989), театр және кино актері. 1979 жылдан бері - Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Келесі спектакльдерде ойнайды: Ж.Б. Мольердің «Проделки Скапена» (Сильвестр, 1992); Р. Стивенсонның «Капитан Флинттің қазынасы» (Сильвер, 1992); И. Кальманның «Мен - Актрисамын» («Сильва» опереттасының мотиві бойынша) (Ферри, 1992); М. Булгаковтың «Ақ крест» (Мышлаевский, 1993); С. Найденовтың «Ванюшиннің балалары» (Красавин, 1994); Э. Казакевичтің «Даладағы екеу» (Майор Ғабидуллин, 1995); У. Шекспирдің «Гамлет» (Гильденстерн; Горацио, 1995); А. Дюманың «Мадемуазель де Бель Иль» (Шевалье д'Оврэ, 1995); «Дананың жазылмас қайғысы» атты Абайға арналған әдеби көш (Абай, 1995); А.П. Чеховтың «Шағала» (Сорин, 1998); Н.В. Гогольдің «Беспримерная конфузия» («Ревизор») (Дуанбасы, 2002); У. Шекспирдің «Он екінші түн» (Сэр Тоби Белч, Оливияның ағайы, 2005); Т. Габбенің «Альманзордың сықырлы сақиналары» (Сұлтан Әбдірахман, 2005); И. Бабельдің «Закат» (Мендель Крик, 2007); Я. Гловацкийдің «Замарашка» (Режиссер, 2007); А. Грибоедовтың «Горе от ума» (Павел Афанасьевич Фамусов, 2008); Лопе де Веганың «Ақымақ» (Октавьо, 2008) және т.б.
«Республикаға сіңірген еңбегі үшін» ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Үйленген. Жұбайы - Галина Викторовна Ефимова, Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының бас режиссері. Ұлы - Ефимов С.Г. (1985 жылы туған); қызы - Ефимова А.Т. (1987 жылы туған).
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2