Biography
Lists
Also Viewed
Quick Facts
Intro | Hero of the Soviet Union | |
Places | Russia | |
Gender |
| |
Birth | 27 December 1915, Volchikhinsky District, Russia | |
Death | 29 September 2010Kamensk-Shakhtinsky, Russia (aged 94 years) | |
Star sign | Capricorn |
Biography
Григорий Артемович Найденов (27.12.1915, Ресей, Алтай өлкесі, Волчихин ауданы, Селиверстов селосы - 29.09.2010, Каменск-Шахтинск) - 2-дүниежүзілік соғыска қатысушы, аға лейтенант, минометшілер дивизионының командирі, орыс.
Кеңес әскері қатарына 1937 жылы алынып, 1938 жылы Хасан өзеніндегі ұрыстарға қатысқан. Командирлер мектебін, 1940 жылы Владивостоктағы жаяу әскер училищесін бітірген. 1941 жылдан Ұлы Отан соғысының майданында болды. 9-жеке минометшілер полкі (Воронеж майданы, 40-армия) минометшілер дивизионының командирі дивизионымен алғашқылардьтң бірі болып Днепр өзенінен өтіп, Белая Церковь қаласы (Киев облысы) үшін болған шайқаста минометпен жаудың 8 пулеметін, бір ротаға жуық әскерін, 3 артиллериялық және минометтік батареяны жойды және 3 шабуылына тойтарыс беруге қатысты. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.12.1943).
1946 жылдан запасқа шықты.
1975 жылға дейін Ростов облысы Каменск-Шахтинский қаласында қызмет істеді.
Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Волчиха кентінде Найденовке бюст орнатылған.
Дереккөздер
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х