Farzana Akhmetzhanova
Kazakh scientist
Intro | Kazakh scientist | |
Places | Kazakhstan | |
is | Scientist | |
Work field | Science | |
Gender |
| |
Birth | 1950, Almaty Region, Kazakhstan | |
Age | 75 years |
Фарзана Рафикқызы Ахметжанова (7. 6. 1950 жылы туған, Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1988), доцент (1992).
Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (1973). 1973-1982 ж. осы институтта оқытушы. 1982-1986 ж. аға оқытушы. 1986—1987 ж. ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында тәлімгер-зерттеуші. 1987-1988 ж. аталған институттың аспиранты. 1989 жылдан Өскемен педагогикалық институтының филология факультеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Негізгі зертеп жүрген ғылым бағыты — лексикология, фразеология, салыстырмалы типология.