E. V. Gvozdev

científicu kazaquistanín (1918–2012)
The basics

Quick Facts

Introcientíficu kazaquistanín (1918–2012)
PlacesKazakhstan Russia
wasScientist
Work fieldScience
Gender
Male
Birth12 December 1918, Ostrov
Death21 January 2012Kazakhstan (aged 93 years)
The details

Biography


Гвоздев Евгений Васильевич (12.12.1918 жыл, Ресей, Псков облысы, Остров қ. -21.12.2012, Қазақстан) – биология ғылымдарының докторы (1967), профессор (1968), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1979), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1978).

ҚазМУ-ды бітірген (1944, қазіргі ҚазҰУ). 1944–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында аспирант, лаборатория меңгерушісі, директор (1971–88), бас ғылыми қызметкер (1988–97), 1976–88 жылдары Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті болды. 1997 жылдан Зоология институтының құрметті директоры.

«Фауна, систематика и экология гельминтов диких животных (рыб, птиц, грызунов и зайцеобразных) Казахстана и природная очаговость гельминтозов домашних птиц» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері жалпы гельминтология мәселелеріне, Қазақстан балықтары, үй және жабайы құстары, сүтқоректілері паразиттерінің фаунасы мен жүйеленіміне арналған. Қазақстан жерінде бұрын зерттелмеген гельминттер фаунасына көп көңіл бөліп, гельминтоздардың табиғи ошақтылығы жөнінде бірқатар мәселелердің шешімін тапты. Қазақстанда жерсіндірілген пайдалы жануарлардың паразиттер фаунасы, ауланатын жануарлар денесінде масылдық тіршілік ететін жалпақ құрттар мен таспа құрттардың биологиясын зерттеп, жабайы тауықтәрізділер мен қазтәрізділердің гельминтоз ауруларын таратудағы рөлін анықтады, гельминттердің ғылымға беймәлім 8 түрін тапты.

Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 01 Oct 2019. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.