Belgibay Sjalabaev

The basics

Quick Facts

PlacesRussia
wasCritic Literary critic
Work fieldLiterature
Gender
Male
Birth17 April 1911, Bayanaul District, Kazakhstan
Death1990Almaty, Kazakhstan (aged 78 years)
Star signAries
The details

Biography

Белгібай Шалабаев (17.4.1911, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Далба ауылы – 1990, Алматы қаласы) – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1962). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985).

ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. «Пионер» (1933–1934, қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, ҚазПИ-де (1937–1942; 1944–1949, қазіргі ҚазҰПУ) декан, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында аға ғылым қызметкер, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, доцент, профессор (1949–1987); 1987 жылдан профессор-кеңесші қызметін атқарған.

«История казахской прозы (сюжет и характер)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Ш. «Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы» кітабының «Абай прозасы» тарауында ақынның қарасөздеріне талдау жасайды. Ақынның филос. ойлары мен дүниетанымын сөз етіп, қоғамдық, моральдық-этик. және тұрмыстық маңызын ашып көрсетеді. Ап, «Пушкин және Абай» («Казахстанская правда», 1936, 24 желтоқсан), «Пушкиннен нәр алған» («Казахстанская правда», 1945, 15 тамыз), «Орыс әдебиетінің ұлы алыбы - Пушкин Абайдың ұстазы» (ҚазССР ғылым академиясының хабаршысы», 1950, № 8) т. б. мақалаларында Абайдың А. С. Пушкин өлеңдерін тәржімелеудегі шеберлік әдістерін жан-жақты талдайды.

Дереккөздер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Mar 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.