Aral Toganiyazuly

Kazakh drummer
The basics

Quick Facts

IntroKazakh drummer
PlacesKazakhstan
wasDrummer
Gender
Male
Birth1838
Death1911 (aged 73 years)
The details

Biography


Арал Тоғаниязұлы(1838, қазіргі Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы – 1911) – күйші.

Өмірбаяны мен шығармашылығы

Маңғыстау түбегіндегі дәстүрлі күйшілік-домбырашылық мектептің көрнекті өкілі. Көне дәуірдегі Кербұқа, одан берідегі Боғда мен Қошқар, 19 ғасырдағы Абыл, Есір, Есбай, Құлшар, Алтынай сияқты күйшілердің музыкалық дәстүрін кейінгі ұрпаққа ұластырушы. Арал олардың күйлерін шебер орындап, халық арасында кеңінен насихаттаған. Ол өзі шығарған күйлермен қатар аңыз желісіне құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын «Бала Науан» атты халық күйін де орындаған.

  • Аралдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы шәкірттері: Ш.Ыбырайымұлы, Ә.Құлшарұлы, Б.Кендірбайұлы, А.Сүйесінұлы, Қ.Есқалиұлы, Ш.Еділұлы, М.Үркінбайұлы, М.Өскенбайұлы, Б.Есболайұлы тағы басқалар. Осындай ізбасарларының арқасында Арал дәстүрі бүгінгі домбырашылық орындаушылық өнерінде өз орнын алып отыр.
  • Күйші Маңғыстаудағы Мақан ата бейітінде жерленген.

Дереккөздер

  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 27 Mar 2024. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.