Александр Николаевич Щукин — мұнайшы, өрт сөндіруші жəне кəсіпкер.
Өмірбаяны
1978 жылы 21 ақпанда Маңғыстау облысының Ерәлиев кентінде туған. Орыс.
- ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтының «Өрт қауіпсіздігі» факультетін (2001) өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша; Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Газ-мұнай қүбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, құру және пайдалану» факультетін (2006) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
- 1998 жылдан - ҚР ТЖМ Алматы қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, 2000 жылдан – өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
- 2001 жылдан - Ақтау қаласының пластмасса зауытында апат құтқару бөлімі бастығының орынбасары.
- 2003 жылдан - «Валекс» ӨК директорының орынбасары (Ақтау қ.).
- 2006 жылдан бері - «Полихим» ЖШС бас директоры (Ақтау қ.). Маңғыстау облысының аңшылық-шаруашылық қызмет қоғамының мүшесі (2000 жылдан бері). ҚР ТЖМ ішкі қызмет капитаны.
Жеке өмірі
- Хоббиі - аңшылық, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - психология.
Отбасы
- Әкесі - Щукин Николай Александрович, пластикалық массалар зауытының бас техникалық жетекшісі. Анасы - Щукина Галина Федоровна, шаштараз.
- Үйленген. Жұбайы - Щукина Надежда Анатольевна (1978 ж. т.), үй шаруасымен айналысады. Қызы – Щукина Алена Апександровна (2000 ж. т.).
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2