Aglaida Lyuber
Soviet geologist
Аглаида Андреевна Любер (1900-1980). көмір петрографы, палинолог, Қарағанды бассейні көмірінің петрографиялық құрамың тұңғыш зерттеуші, геол.-минералогия ғылымдарының кандидаты (1937). Ленинград Мемлекеттік университетін бітірген (1926). 19311958 ж. Қарағанды бассейнінде зерттеу жүргізді. Мұнда Любер КСРО-да тұңғыш рет көмір қабаттарын петрографиялық құрамы және спора-тозаң комплекстері бойынша параллельдеу тәсілін жасады, тәсіл еліміздің басқа бассейндерінде кең қолдау тауып, Халықаралық геологиялық конгрестің 17-сессиясында мақұлданды (Мәскеу, 1937).