Biography
Lists
Also Viewed
The basics
Quick Facts
The details
Biography
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905 қарашаның 7-інде, Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы) – биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корриспондент мүшесі (1969).
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Танас Сары бұтағынан шыққан.
- 1929 - Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.;
- 1929–35 - Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау комиттерінде;
- 1935–54 - Қазақ мал шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтында қызметтер атқарды.
- 1954–55 - Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Қазақстан павильонында директор және аға әдіскер;
- 1955–57 - Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
- 1957–60 - сол институтта директор болды.
- 1960–62 - Гурьев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры;
- 1962–63 - Қазақстан халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің директоры;
- 1963 жылдан - өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биология институтында зертхана меңгерушісі;
- 1978–83 - кеңесші болды.
Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950).
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
- Как создавался казахский архаромеринос,
- “Колхозное производство”, 1951, №1;
- "Разведение шерстных коз", 1950;
- "Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор);
- "Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964.
Сілтемелер
ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы